Петропавлда жерүсті жаяу жүргіншілер өткел жолын салу ұсынылуда - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Петропавлда жерүсті жаяу жүргіншілер өткел жолын салу ұсынылуда

444

Smiley face

Жол-көлік оқиғаларының саны өткен жылдың деңгейінде қалды. Зардап шеккендер саны 150-ден 146-ға дейін, қаза болғандар саны 37-ден 14-ке дейін азайды. Бұл туралы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев мәлім етті.

«Жол-көлік оқиғаларына жүргізілген талдау көрсеткендей, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзуға жол беретін жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер тәртібінің төмендігі негізгі себеп болып табылады», - деп атап өтті облыстың бас полицейі.

«Реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелдерін реттелетіндерге ауыстыру қажет. Пушкин көшесінде, Университет орналасқан ауданда жер үсті жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы туралы мәселені қарастыруды ұсынамын. Бұл жаяу жүргіншілердің қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының қаупін және кептеліс санын азайтуға мүмкіндік береді», - деп есептейді М. Төлебаев.

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов бұл бастаманы қолдап, Петропавл қаласының әкімі Б. Жұмабековке тиісті тапсырма берді. Жер үсті жаяу жүргіншілер өткелін салу идеясын өңір басшысы қолдады. «2020 жылдың бюджетінде бұл мәселелерді шешу үшін қаражат қарастыру қажет. Бағдаршамдар, жаяу жүргіншілер жолдары, тротуарлар, жарықтандыру - біздің азаматтарымыздың қауіпсіздігі үшін. Жер үсті жаяу жүргіншілер жолы екі кентке бөлінген Бескөлге апаратын тас жолда да қажет. Онда бірнеше реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолдары бар. Адамдардың қауіпсіздігі үшін жер үстіндегі жаяу жүргіншілер салу мәселесін профильдік Министрлікпен келісуіміз керек», - деді Қ. Ақсақалов.


Көзі: Yunews.kz