Қазақстанда бензин арзандады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстанда бензин арзандады

444

Smiley face

Қазақстанда бензин арзандады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Энергетика вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов мәлімдеді.

"Егер ең танымал АИ-92 автобензин маркасы бойынша айтатын болсақ, жыл басынан бері баға 5 теңгеге төмендеп, 148,5 теңгені құрады. Сонымен қатар, Ресей Федерациясымен салыстырсақ осы бензин теңгеге санағанда бір литрі 259-нан артық тұр", - деді Досмұхамбетов.

Сондай-ақ дизель отынының бағасы төмендеді, ол бүгінгі күні литр үшін 193,25 теңгені құрайды. Салыстыру үшін Ресей Федерациясында дизель отыны 283 теңгеден асады.

Сондай-ақ, Досмұхамбетов бүгінгі күні 481 мың тонна керосин өндірілгенін, бұл өткен жылғы көлемнің 212%-ын құрайтынын хабарлады. Бірінші вице-министр атап өткендей, отандық зауыттар авиакеросинге, дизель отынына және бензинге деген қажеттілікті толығымен жабады.

"Экспорт жүріп жатыр және одан әрі артатын болады. Өйткені бүгінгі таңда бізде бензин профициті пайда болды. Өздеріңіз білесіздер, бірнеше ай бұрын бізде тауарбастылық мәселесі болды. Біздің зауыттар өндірісті қысқартуға мәжбүр болды, өйткені резервуарлық парктер толы болды. Сондықтан экспорт болады. Бірақ бұл нақты уағдаластықтарға байланысты", — деді бірінші вице-министр.


Көзі: yunews.kz