Алматыда тоқтап қалған нысандар "жанданады" - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Алматыда тоқтап қалған нысандар "жанданады"

444

Smiley face

Алматыда тоқтап қалған нысандарды "жандандырумен" айналысады. Бұл ескі өндірістік базалар, құрылысы аяқталмаған үйлер, ескірген ғимараттар мен бос жерлер.

Оңтүстік астана әкімінің хабарлауынша, қалада осындай 50-ден астам нысан анықталған.

"Мәселені шешуге шаруашылық тұрғысынан қарау міндетін қойдым: бизнес пен жеке инвестицияларды тарту керек. Жұмыс істемейтін активтерді экономикалық айналымға тарту бюджетке қосымша түсімдер беріп, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді", - деп жазды Бақытжан Сағынтаев Instagram-дағы парақшасында.

"Бұзылатын ғимараттардың орнында немесе бос тұрған учаскелерде бірінші кезекте әлеуметтік нысандар — балабақшалар, мектептер, емханалар салынатын болады".

 


Көзі: yunews.kz