«Канал-Кавказдық редут» операциясының қорытындысы - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

«Канал-Кавказдық редут» операциясының қорытындысы

444

Smiley face

Ереван қаласында (Армения Республикасы) өткен халықаралық кеңесте «Канал-Кавказдық редут» есірткіге қарсы аймақтық операциясының қорытындылары шығарылды, деп хабарлайды ҚР  ІІМ баспасөз қызметі.

Операцияның 5 күнінде «Солтүстік бағытта» орналасқан мемлекеттердің аумағынан, «Балқан бағыты» Кавказ-Қара теңіз аймағынан, сондай-ақ Батыс Еуропа елдерінен жаңа психоактивті заттарды, опиаттар, каннабиноидтарды жеткізу арналарының жолын кесуге бағытталған шаралар кешені іске асырылды.

Қазақстан тарапынан операцияға күш құрылымдарының 2263 қызметкері, оның ішінде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністерінің бес жүз қызметкері, ІІО басқа қызметтерінің 1,5 мың қызметкері, сондай-ақ қауіпсіздік органдары мен кеден органдары қатысты. Жалпы алғанда, Қазақстанның есірткіге қарсы күштері 507 кг-нан астам есірткі заттарын, соның ішінде 12 кг-нан астам героин, 473 кг марихуана, 22,3 кг гашиш және 100 г синтетикалық заттарды тәркіледі.

Кеңес жұмысына  Армения полициясының басшылығы, ҰҚШҰ хатшысы, сондай-ақ Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің ішкі істер, қауіпсіздік, кеден және қаржылық барлау органдарының есірткіге қарсы құрылымдарының жетекшілері қатысты.

Қатысушылар «Канал» операциясының есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресте  практикалық бағыттылыққа ие іс-шара ретінде және ҰҚШҰ форматындағы 30 жылдық мерейтойлы жоғары деңгейде өткізілген оқиға ретінде маңыздылығын атап өтті.

Халықаралық үйлестіру штабының қатысушылары Армения полиция академиясының, Кинологиялық орталығының қызметімен, Армения-Грузия шекарасындағы шекара бақылау бекетінің жұмысымен танысты және қызметтік міндеттерін атқару барысында қайтыс болған полиция қызметкерлерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.


Көзі: yunews.kz