Алматыда өгей әкесі ұрып-соққан бала қайтыс болды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Алматыда өгей әкесі ұрып-соққан бала қайтыс болды

444

Smiley face

Алматыда өгей әкесі ұрып-соққан бала ауруханада қайтыс болды.  Бұл фактіні қаланың полиция департаменті растайды.

"Қазіргі таңда қылмыстық іс ҚР ҚК-ның 99-бабына қайта сараланып, сотқа дейінгі тергеу жүргізу үшін ПД Тергеу басқармасына берілді. Бұл жауыз қылмыс 23 қыркүйекте болды. Полицияға хабарлама сағат 16:00 шамасында келіп түсті. Күдікті "ізін суытпай" қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп атап өтті Алматы қаласының полиция департаментінде.

Естеріңізге сала кетейік, 23 қыркүйекте Алматыдағы ауруханалардың біріне бейсаналы күйде 2017 жылы туған бала жеткізілді. Балада ми гематомасы, көптеген жарақаттар, сондай-ақ іштің, көкірек қуысының, аяқ-қолдың көгеруі диагностикаланды.


Көзі: yunews.kz