Түркістанның өрт сөндірушілері мен полицейлері ерлігі үшін марапатталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Түркістанның өрт сөндірушілері мен полицейлері ерлігі үшін марапатталды

444

Smiley face

Бүгін Түркістан қаласына арнайы іссапармен келген Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаев Мемлекет басшысының тапсырмасымен 6 өрт сөндіруші қызметкер мен полицейге мемлекеттік наградалар тапсырды, деп хабарлайды Түркістан облысының ПД баспасөз қызметі.
Ресми марапттау рәсімі Түркістан облысының ПД ғимаратында өтті. Ерлігі мен батырлығы үшін «Ерлігі үшін» медалімен Түркістан облысының өрт сөндірушілері Бақдәулет Әлімқұлов, Құралбек Жұмабаев, Рүстем Сайдахметов, Бағлан Убайдулаевты және полиция майоры Қанат Рақышевты наградтады. Сонымен бірге полиция подполковнигі Ермек Өсербаев және полиция лейтенанты Қайрат Алекешев ішкі істер министрінің бұйрығымен «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды.

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев  төтенше жағдайды жою кезінде өздерінің қызметтік міндеттерін мінсіз орындаған қызметкерлерге алғысын білдірді.

Одан әрі министр Ерлан Тұрғымбаев Түркістан облысы ТЖД қызметкері азаматтық қорғау подполковнигі Бақытжан Абдуғаппаровтың үйіне барып, оған 2-ші дәрежелі "Айбын" орденін табыс етті. Өрт сөндіруші өртті ауыздықтау кезінде ауыр жарақат алып, үйінде емделуде.

Министр подполковник Б.Абдуғаппаровқа және оның отбасына өрт сөндіру және адамдарды құтқару кезінде көрсеткен батылдығы, батырлығы мен жанқиярлығы үшін алғысын айтты. Сондай-ақ тез арада сауығып кетуіне тілекші екенін білдірді. Бұрын Бақытжан Абдуғаппаров Арыс қаласында азаматтарды құтқару кезінде де өзінің қайсарлығымен ерекше көзге түскен болатын.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінде Түркістан қаласындағы ірі қонақүйлердің бірі «Роял Гранд» отқа оранған болатын. Оқиға орнына келген облыстың ТЖД қызметкерлері мен полицейлер жақын маңдағы аумақты қоршауға алып, қонақ үйдің қонақтары мен қызметкерлерін дереу эвакуациялауға кіріскен болатын. Құтқару жұмыстарын жүргізу барысында 50 адам эвакуацияланды. Сол сәтте, тәртіп сақшысы Қанат Рақышев өз өмірін қауіпке тігіп отқа оранған ғимараттан шыға алмай қалған Түркия елінің екі профессоры мен 4 жасар бүлдіршінді дін аман алып шыққан еді.


Көзі: yunews.kz