ШҚО-да жұмыссыз адам қазақстандықтардың банк карточкаларынан ақша ұрлаған - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

ШҚО-да жұмыссыз адам қазақстандықтардың банк карточкаларынан ақша ұрлаған

444

Smiley face

Шығыс Қазақстанда банк карточкаларынан жалпы сомасы 2 миллион теңгеден астам ақшалай қаражатты  ұрлау фактісі ашылды. Киберқылмыскер 24 жасар жұмыссыз болып шықты. Жас жігіт әлеуметтік желілерде және белгілі платформаларда несие алуға көмек көрсету, соның ішінде "Бақытты отбасы" ипотекалық бағдарламасы бойынша көмек беру туралы хабарландыру жариялаған.

"Содан кейін әлеуметтік инженерия әдістерін пайдалана отырып, әлеуетті құрбандардан барлық қажетті деректемелерді біледі.  Ақшалай қаражатты Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Семей қалаларының банкоматтарында қолма-қол ақшаға айналдырған",-деп түсіндірді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

 Соңғы мәліметтер бойынша, күдікті 7 алаяқтық фактісіне қатысы бар. Киберқылмыскердің құрбандары негізінен Қазақстанның оңтүстік өңірлерінің тұрғындары болды. Қазіргі уақытта материал мен заттай дәлелдемелер сотқа дейінгі тергеу жүргізу үшін Маңғыстау облысының ПД-не берілді.


Көзі: yunews.kz