Алматы базарларында ұрланған 30 аккумулятор табылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Алматы базарларында ұрланған 30 аккумулятор табылды

444

Smiley face

Алматы базарларындағы рейдтік іс-шаралардың арқасында полиция қызметкерлері ұрланған мүліктің сипаттамасына сай келетін 19 бүйір айна, 30 аккумулятор, сондай-ақ 7 фараны тауып, тәркіледі. Қолданыста болған қосалқы бөлшектер сататын 300-ге жуық бутиктер мен контейнерлер тексерілді.

"Қазіргі уақытта алынған фрагменттер бойынша салыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр, соның нәтижесінде олардың нақты иелері мен қылмыстық жолмен табылған мүліктерді сатып алған тұлғаларға қатысты шара қолдану арқылы сауда сөрелерінде құжатсыз күмәнді тауардың пайда болу механизмі анықталады", - деді Алматы қаласы полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Жанболат Зиадин.


Көзі: yunews.kz