Жаңаөзен тұрғындарын Ақтауға көшіру жоспарлануда - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Жаңаөзен тұрғындарын Ақтауға көшіру жоспарлануда

444

Smiley face

Бұл туралы Маңғыстау облысы қоғамдық кеңесінің отырысында белгілі болды. Кеңес барысында Жаңаөзен қаласын дамытудың кешенді жоспарына бірқатар өзгерістер енгізілді.

"Қала халқының тығыз орналасуына байланысты оларды Ақтау қаласына көшіру туралы шешім қабылданды, бүгінгі күнге 388 отбасын көшіру жоспарланады. Қазір, жаңа жоспарға сәйкес, 2020-2024 жылдары Жаңаөзен тұрғындарының Ақтауға көшуі үшін 10 000 пәтер салу мәселесі қарастырылуда. Бұл үйлердің құрылысы Ақтау қаласындағы 13-шағын ауданда жүзеге асырылады", - деді аймақ әкімі Серікбай Трумов.

Бірінші кезекте пәтерлермен тұрғын үй алу үшін кезекте тұрған Жаңаөзен тұрғындары қамтамасыз етіледі.  

Бұған дейін Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қаныбек Жұмашев Жаңаөзен тұрғындары наразылықтарының басым бөлігі жұмыс орындарының болмауына байланысты екенін мәлімдеді. Осыған байланысты көптеген жаңаөзендіктерге Ақтауға көшу ұсынылды, алайда олар бас тартты.


Көзі: yunews.kz