Қарағандыда омыртқааралық жарық жаңа тәсілмен емделетін болады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қарағандыда омыртқааралық жарық жаңа тәсілмен емделетін болады

444

Smiley face

Қытай мен Ресей дәрігерлері қарағандылық нейрохирургтар үшін жаңа технологиялармен омыртқааралық жарықты емдеу бойынша шеберлік сабағын өткізеді.

Омыртқаның бел бөлігіндегі омыртқааралық жарықтар басқаларға қарағанда жиі пайда болады. Ол үдемелі остеохондроз немесе арқа жарақатының салдарынан дамиды.

Омыртқаның трансфораминді эндоскопиялық хирургиясы омыртқаның бел бөлігінің жарықтары (секвестрленген жарықтар, экструзия және омыртқааралық диск протрузиясы), стеноздар, арқадағы ауырсыну синдромы сияқты ауруларды операция жасауға мүмкіндік береді.

Жаңа технология емдеуге жатқызу мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді, сондай-ақ жоғары тиімділік байқалады.

Жергілікті дәрігерлерге жоғары санатты дәрігер-нейрохирург, медицина ғылымдарының кандидаты, ННИИТО аға ғылыми қызметкері Сергей Мишинов және Тangdu ауруханасының (Халық-Азаттық армиясының Әскери-әуе әскери медициналық университеті жанындағы аурухана, нейрохирургия кафедрасы) профессоры Wang Peng кеңес береді.


Көзі: yunews.kz