«Балқаш-Бурылбайтал» автожолы қайта жаңартылып жатыр - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

«Балқаш-Бурылбайтал» автожолы қайта жаңартылып жатыр

444

Smiley face
Фото: АО "НК "ҚазАвтоЖол"

Жамбыл облысындағы республикалық маңызы бар «Балқаш-Бурылбайтал» автожолының 147 шақырымында (2005-2152 км) қайта жаңарту жұмыстары жасалуда.

Қазіргі таңда жолшылар 3 учаске бойынша жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуде. 15 шақырымда жер жабынының құнарлы қабаты алынып, қазу жұмыстары атқарылды.

Smiley face
Фото: АО "НК "ҚазАвтоЖол"

Жоба аясында темір жол өткелдері мен 10 көпірдің, 109 құбырдың құрылысы көзделген. Күре жолдың бойында демалыс алаңдары мен елді мекендердің маңында автопавильондар салынады. Қайта жаңарту жұмыстары толық аяқталғаннан кейін «Балқаш-Бурылбайтал» автожолы І-техникалық санатқа сәйкес, толық 4 жолақты жол болады.

Учаскелерде 316 маман және 204 бірлік жол-құрылыс техникасы жұмылдырылған.

Жобаның толық аяқталу мерзімі 2022 жылға жоспарланған.


Көзі: yunews.kz