Нью-Йорк қаласында Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдігі қызметкерінің қызын питбуль қауып алды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Нью-Йорк қаласында Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдігі қызметкерінің қызын питбуль қауып алды

444

Smiley face

Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігі қызметкерінің 4 жасар қызын питбуль иті қауып алды. Бала ауруханаға жеткізілді, жарақаттар өміріне қауіп төндірмейді, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

 Оқиға Нью-Йорк қаласының Ривердейл ауданында болған. СІМ деректері бойынша, мойын жіп пен тұмылдырықсыз ит тосыннан шығып, анасымен бірге балабақшаға бару үшін үйінен автокөлікке бара жатқан сәтте балаға шабуыл жасаған. Баланы иттен тартып алуға сол маңда өтіп бара жатқан ер кісі көмектескен.

«Оқиға орнына жедел жәрдем келіп, баланы ауруханаға жеткізген. Баланың өміріне қауіп төндіретін жарақаттар жоқ. Дәрігерлер қажетті операция жасады. Қазіргі таңда баланың жағдайы тұрақты және бірнеше күн ауруханада болады», - делінген хабарламада.

 Полиция тергеу жұмыстарын жүргізуде. Баланың отбасы иттің иесін сотқа беруді жоспарлап отыр. Қазақстанның Нью-Йорк қаласындағы Бас консулдығы барлық қажетті қолғабыс көрсетуде.


Көзі: yunews.kz