Семей қаласында жол ережесін бұзған әйел Патрульдік полиция қызметкерін тістеп алған - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Семей қаласында жол ережесін бұзған әйел Патрульдік полиция қызметкерін тістеп алған

444

Smiley face

Оқиға Семей қаласындағы Кәрменов көшесінде орын алды. Патрульдік полиция қызметкері рейд кезінде тыйым салатын жол белгісіне қойылған автокөлікті байқады.

«Тексеру барысында автокөлік иесі, 51 жастағы әйел машинасына отырып, оқиға орнынан қашып кетпек болған. Ол кетіп бара жатып, полиция қызметкерін қағып кеткен. Полиция қызметкері автокөлікті өшірмек болғанда, тәртіп бұзушы әйел оның қолын қыршып тістеп алған»,-деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды. Осы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалы жүргізілуде.


Көзі: yunews.kz