Ирактағы БАҚ наразылық барысында 12 адамның қаза тапқанын және 650 адамның жараланғанын хабарлады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ирактағы БАҚ наразылық барысында 12 адамның қаза тапқанын және 650 адамның жараланғанын хабарлады

444

Smiley face

Иракта тәртіпсіздік кезінде кем дегенде 12 адам қаза тауып, жараланғандар саны 650-ге жетті, деп хабарлайды РИА Новости Shafaq агенттігі мен Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссияға сілтеме жасап.

«Наразылық барысында 11 адам мен қауіпсіздік қызметінің бір қызметкері қаза тауып, 650 адам жараланды, оның ішінде 87 адам – күштік құрылымдардыі сарбаздары», - деген комиссия басшысы Әли әл-Баяти.

Оның айтуынша, 122 адам ұсталды, олардың көпшілігі бостандыққа жіберілді.

Бұған дейін Ирактың Премьер-Министрі Адель Абд әл-Махди елдің астанасы Бағдадта коменданттық сағат бейсенбі күні таңғы сағат бестен бастап енгізілгенін жариялады. Коменданттық сағат басқа провинцияларда да енгізілген.

Наразылық сейсенбі күні Бағдадта басталды. Акция барысында екі адам қаза тауып, 200-ден астам адам жарақат алды. Сәрсенбі күні наразылық акциялары Бағдад қана емес, сондай-ақ басқа да бірнеше провинцияларды қамтыды Олардың арасында Зи-Кар, Васит, Наджаф, Диванийя, Бабил провинциялары бар.

Шерушілер өмір сүру жағдайын жақсартуды, денсаулық сақтау, білім беру және еңбек нарығы саласында проблемаларды шешуді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуді талап етуде. 


Көзі: Yunews.kz