Ақтөбеде жасөспірім өзіне қол жұмсады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ақтөбеде жасөспірім өзіне қол жұмсады

444

Smiley face

Ақтөбе облысы ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, асылып қалған 13 жасар баланың денесін оның туған анасы тапқан. Жуырда кәмелетке толмаған баланың отбасы Хромтау ауданынан облыс орталығына көшіп келіпті. Бұл отбасы толық емес деп саналады. Баланың әкесі бірнеше жыл бұрын қайтыс болған.

«Қайғылы оқиға 30 қыркүйекте Ақтөбе қаласында орын алды. Өз үйінен 13 жасар баланың мәйіті табылды. Жасөспірім анасымен бірге тұрып, үйдегі үш баланың үлкені болған. Жасөспірім ешқандай есепте тұрмаған, оң сипатталады»,-деп атап өтті Департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір жасөспірімнің суицид фактісі бойынша ҚР ҚК 105 бабы 3 бөлімі – «Өзіне-өзі қол жұмсауға дейін жеткізу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалы басталды.


Көзі: Yunews.kz