Өскемен қаласында газ-түтіннен қорғау қызметі буындарының жарысы өтті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Өскемен қаласында газ-түтіннен қорғау қызметі буындарының жарысы өтті

444

Smiley face

Облыс орталығында тыныс алуға жарамсыз ортада жұмыс істей алатын өрт сөндіру қызметінің бөлімшелері жарысты. ГТҚҚ үздік буынына арналған жарыстар міндетті дайындыққа кіреді, өйткені үздіктердің үздіктерін анықтап қана қоймай, сонымен қатар осы қызмет өрт сөндірудің заманауи тәсілдерін ескере отырып, дами алатын бағыттарды көрсетеді.

Командалардағы үйлесімді жұмыс және қоршаған жағдайдың өзгерістеріне тез бағдарлану дағдысы өте жақсы дене дайындығы мен арнайы газ-түтіннен қорғау жабдығын қолдану дағдыларымен қатар тұрады. Сондықтан жарыс тек әрбір өрт сөндірушінің ғана емес, сонымен қатар жалпы буынның да шеберлігін жетілдіруге бағытталған.

Үздіктерді анықтау бірнеше кезеңнен өтті. Ең бастысы – «зардап шеккендерді» іздеу және құтқару буыны, сығылған ауадағы аппараттарда автосаты бойынша ғимараттың 5- қабатынан зардап шеккен адамдарды алып шығу және құтқару арқанының көмегімен оларды төменге түсіру.

Бұдан әрі – түтін камерасындағы жұмыс. Лабиринттен өту, шартты өрт ошағын анықтау және оны сөндіру қажет болды.  Бірақ, бұл кезеңді төрешілер әр буын үшін қайталанбас маршрутпен күрделендірді. 

Түтін камерасындағы іс-әрекеттерді пысықтағаннан кейін автоцистернадан су беру арқылы жауынгерлік қанат жаю жүргізілді. Жарыстың бұл кезеңінен барлық қатысушылар жылдам және үйлесімді өтті. Жеңдерді ашу және су беру үшін 1,5 минуттан артық емес уақыт қажет болды.

Жарыста қауіпсіздік бекеттерінің жұмысына ерекше көңіл бөлінді. Өйткені олар өз жолдастарының өмірі мен қауіпсіздігіне жауап береді. Күзетшілер түтіндеген аймақтағы буындардың жұмыс уақытын дәл есептеуге, қалған уақыт саны туралы және қайту керек екендігі туралы ескертуге міндетті. Үздік бекеттерді анықтау үшін қатысушыларға тез және дұрыс шешу қажет болатын теориялық міндеттер ұсынылды.

«Өрт кезінде құтқарылған адамдардың ең көп саны ГТҚҚ буындарына жатады»,  дейді өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары Азамат Мұқашев. Дегенмен, бұл жерде ұтылғандар жоқ және ұтылғандар бола алмайды. Барлық қатысушылар белгіленген нормативтерді орындап шықты. Бұл жеке құрамның нақты жауынгерлік жағдайларда да үйлесімді жұмыс істей алатынын көрсетті.

Ең үздік болып № 8 ӨСБ МБҚ буыны атанды, 2-ші орынды 7-ӨСБ және 3-ші орынды 9-ӨСБ иеленді, деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі.


Көзі: Yunews.kz