Ұлытауға туристер ағыны екі жылдың ішінде екі есеге ұлғайған - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ұлытауға туристер ағыны екі жылдың ішінде екі есеге ұлғайған

444

Smiley face

Қарағанды облысының әкімі Ұлытау ауданына жұмыс сапары барысында туристік визит-орталық пен жаңа мұражайдың құрылысы қалай жүріп жатқанын тексерді. Ол сондай-ақ табиғи мұражай-қорықта болды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Қазір біздің өңірде туризмді дамыту бағдарламасы әзірленуде. Негізгі жоба-туристік визит - орталық құру",-деді «Ұлытау» ұлттық тарихи - мәдени және табиғи қорық-мұражайының директоры Лейла Бақытова.

Сапар орталығы Ұлытау ауданында туризмді дамытудың қозғаушы күшіне айналуы тиіс. Құрылыс маусым айында басталды. Қазір сыртқы жұмыстар аяқталуда, бұдан кейін жоспар бойынша ішкі әрлеу және қасбетті абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

«Біздің Сапар орталығымызға ақпараттық блок, экспозициялық зал, қалпына келтіру шеберханасы, кітапхана, сондай-ақ сақтау камералары, 30 орындық жатақхана және асхана кіреді», - деп түсіндірді Лейла Бақытова.

Визит-орталықтың құрылысы – туризмді дамыту бойынша «Ұлытау» қорық-мұражайының үлкен жобасының бірінші кезеңі ғана. Ұлытауда пайда болатын келесі нысан этноауыл болады.

Мұражай-қорық қызметкерлерінің айтуынша, ауданға келетін туристер саны екі есе артты.  Бұл көрсеткіш одан әрі өсуі мүмкін.

«Егер 2017 жылы біздің қорық-музейге 11 мың адам келсе, соңғы екі жылда олардың саны 24 000-ға жетті. Адамдарға біздің тарихымыз туралы, аймақтың киелі жерлері туралы көбірек білу қызықты. Бірақ, өкінішке орай, кейбір проблемалар бар, дейді «Ұлытау» ұлттық тарихи - мәдени және табиғи мұражай-қорығының сәулет бөлімінің басшысы Баян Шайғозова.

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек өңірге туризмді дамыту қажет екенін атап өтті. Бұл ауданда жаңа жұмыс орындарын құруға көмектеседі. 


Көзі: Yunews.kz