Нұр-Сұлтан тұрғындары туберкулездің бар-жоғын тегін тексеруді жалғастыруда - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Нұр-Сұлтан тұрғындары туберкулездің бар-жоғын тегін тексеруді жалғастыруда

444

Smiley face

Елордада «STOP туберкулез!» акциясы өтуде. Тек бірінші аптада ғана жылжымалы флюорографтарда профилактикалық флюорографиядан 1775 адам өтті, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.   

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың 23 қыркүйегінен бастап елордада «STOP туберкулез!» шарасы өтуде. Ол Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен қалалық фтизиопульмонология орталығының қолдауымен ұйымдастырылған.

Акцияның мақсаты – қала тұрғындары мен қонақтарын туберкулез ауруына дер кезінде тексеруден өтуге шақыру, бұл ауру туралы ақпараттандыруды арттыру.

1 қазанға 4 жылжымалы флюорографиялық сандық қондырғылар күнделікті базарларға (Ұлжан, Биг Шанхай), сауда үйлері мен орталықтарға (Дәулет, Артем, Әлем, Жаннұр, Джаффар, Бахус, Евразия, Аружан), қаланың тұрғын үй массивтеріне барды.

Акция өткізудің бірінші аптасында ғана 1775 адам жылжымалы флюорографтарда профилактикалық флюорографпен қамтылды. Сонымен қатар, туберкулез ауруының алдын алу, ерте анықтау және алғашқы симптомдар мәселелері бойынша тұрғындармен әңгіме жүргізілді. Сонымен қатар, 7268 адам туберкулез туралы хабардар болу және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу жөнінде сұралды.

Акция аясында қалалық емханаларда Ашық есік күндері ұйымдастырылып, 436 адам дәрігерлерден кеңес алды, 1281 адам туберкулез симптомдарын білуіне сауалнама жүргізілді, тағы 2261 адам профилактикалық флюорографиялық тексеруден өтті. Оқушылар ата-аналарымен кездесулер мен өкпе ауруының алдын алу мәселелері бойынша сынып сағаттары елордалық мектептерде де өтті. Мұндай кең ауқымды шаралар қаладағы жоғары оқу орындарында, университеттерде де өткізілді.


Көзі: Yunews.kz