Сәбидің аштықта ұстаған Қазақстанның тумасы Германияда сот алдында жауап берді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Сәбидің аштықта ұстаған Қазақстанның тумасы Германияда сот алдында жауап берді

444

Smiley face

Германияда сот алдында екі айлық ұлын өлтіргені үшін айыпталып отырған Қазақстанның тумасы болды, деп жазады РИА Новости Германияның  ақпарат құралдарына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 2017 жылдың күзінде орын алды. Тергеу болжамына сәйкес, әйел ұлын аштықта ұстап, оның салдарынан бала қайтыс болды. Бала екі айында небәрі 2 823 грамм салмақта болған. Бұл ретте баланың анасы оның жағдайын көріп, педиатрларға жүгінбеген.

Тергеу шаралары екі жылға созылды. Жақында әйел сот алдында болды. Сәбидің анасы абайсызда сәбиін өлтірді деген айып тағылды. Алайда, мемлекеттік айыптаушы бапты «қасақана адам өлтіруге» қайта бағыттауды талап еттіі. Әйел 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Германияның  ақпарат құралдарының мәліметі бойынша, сотталушы Қазақстанның тумасы болып табылады. Қайтыс болған ұлынан басқа, оның  кәмелетке толмаған тағы алты баласы бар.

Отбасы жергілікті билік төлеген жәрдемақыға өмір сүруде. Алайда, отбасында жетінші бала дүниеге келгенін әлеуметтік қызметтер білмеген.


Көзі: Yunews.kz