Түркия билігі Facebook-ке $282 мың айыппұл салды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Түркия билігі Facebook-ке $282 мың айыппұл салды

444

Smiley face

Түркия жеке мәліметтерді қорғау басқармасы Facebook пайдаланушылардың жеке деректерінің құпиялылығын бұзғаны үшін 1,6 миллион түрік лиріне (282 мың доллар шамасында) айыппұл төлегенін мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

Хабарламада айтылғандай, бұзушылық өткен жылы орын алып, 280 мыңнан астам пайдаланушыны қамтыды. Олардың жеке деректері, оның ішінде аттары, туған күні, орналасқан жері, үшінші тұлғаларға қолжетімді болды.

Бұл бұзушылықты болдырмау үшін заңда көзделген қажетті әкімшілік және техникалық шаралар қабылданбаған.  Facebook - ке дербес деректерді қорғау бойынша өз міндеттерін орындамағаны үшін 1,15 миллион Түрік лирасына айыппұл салу туралы шешім қабылданды.

Мамыр айында Түркияның дербес деректерді қорғау басқармасы пайдаланушылардың құпия фотосуреттері ортақ қол жеткізуіне байланысты Facebook-ке 1,65 миллион Түрік лирасына (270 мың доллар шамасында) айыппұл салған болатын.


Көзі: Yunews.kz