Қапшағай гарнизонының бөлімшелері дабыл белгісі бойынша көтерілді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қапшағай гарнизонының бөлімшелері дабыл белгісі бойынша көтерілді

444

Smiley face

ҚР Қорғаныс министрі Қапшағай гарнизонында Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери бөлімдерін және радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс бөлімін дабыл бойынша көтерді.

Дабылдың негізгі мақсаты бөлімшелердің міндеттерді орындау қабілетін тексеру болып табылады. Бөлімше толық жауынгерлік дайындыққа шыққаннан кейін тағайындалған аудандарға марш жасап, қойылған оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындады. Командирлер әртүрлі тапсырма бойынша шешім қабылдады.

Тексеру барысында жеке құрамның дайындық деңгейін бағалауға: штаттық қару-жарақпен іс-қимыл жасауға, практикалық атыстарды орындауға, жауынгерлік даярлық пәндері бойынша нормативтерді жүргізуге және пысықтауға ерекше назар аударылды.


Көзі: yunews.kz