ШҚО-да тұрғын үй жанынан АЖҚС салуға рұқсат еткендер жауапкершілікке тартылады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

ШҚО-да тұрғын үй жанынан АЖҚС салуға рұқсат еткендер жауапкершілікке тартылады

444

Smiley faceФОТО:  ШҚО ақпарат орталығы

ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың жеке қабылдауына үйлерінің жанынан автожанармай құю стансасы салынған үйдің тұрғындары келді. Олардың мүдделерін білдіретін заңгер облыс басшысына нысанның құрылысы кезінде ҚР бірнеше заңдарының бұзылғандығы туралы айтып берді. Бастапқыда құжаттар бойынша жоспарланған учаскеде тұрғын үй салу жоспарланған, бірақ кейін жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгертілген.

2015 жылғы санитарлық-эпидемиологиялық сараптама қорытындысында учаске блок-контейнерлік үлгідегі автожанармай құю станциясын, автожуу, ТҚ станциясын салуға  берілген деп жазылған. Автожанармай құюдың осы түрі үшін санитарлық-қорғау аймағының ең аз мөлшері 50 метр болып көзделеді. Алайда, қазіргі уақытта тұрғын үй терезелерінің астында стационарлық үлгідегі жанармай құюшы тұр, олар санитарлық ережелермен үйлерден кемінде 100 метр алыс болуы керек. Осылайша, санитарлық-қорғау аймағының ережелері бұзылды

Заңгерді тыңдаған соң , әкім АЖҚС құрылысы кезінде бірнеше заң бұзылғанын, оның ішінде тұрғындарды қауіпті объектімен көршілестік туралы хабардар етпегенін растады. Бұдан бұрын аймақ басшысы қызметтік тексеру жүргізіп, Өскемен қаласының орталық көшелерінің бірінде АЖҚС салуға кім рұқсат еткенін білу жөнінде тапсырма берген болатын.

"Бұл фактіні тергеу басталды. Құрылысқа рұқсат беретін құжатқа қол қойылған басшылар қылмыстық жауапкершілікке дейін тартылады. Егер Табиғи ресурстар басқармасы мен Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мердігерлік компанияларға бұл ҚР заңдарын бұзатынын айтқан болса, адам ешқашан ақша жұмсамас еді немесе заңға сәйкес құрылысты орындамас еді. Біз осы нысанмен әрі қарай не істеу керектігін шешу үшін терең заңдық талдау жасаймыз. Шешім сіздердің қатысуыңызбен қабылданады", - деп жауап берді аймақ басшысы.


Көзі: yunews.kz