Нұр-Сұлтан қаласы мұсылман әлемінің ең "жасыл" қаласы деп аталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Нұр-Сұлтан қаласы мұсылман әлемінің ең "жасыл" қаласы деп аталды

444

Smiley face

Қазақстанның Мысырдағы Елшісі Арман Исағалиев бастаған қазақстандық делегация Марокко астанасы Рабат қаласында Ғылым, Білім және мәдениет жөніндегі Ислам Ұйымының (ИСЕСКО) штаб-пәтерінде өткен экология министрлерінің 8-ші Ислам конференциясының жұмысына қатысты. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Марокко королі Мұхаммед VI қамқорлығымен өткен форумның негізгі тақырыбы «Экологияны қорғаудағы және тұрақты дамудағы мәдени және діни фактордың рөлі» болды. Конференцияға 36 ел мен 11 халықаралық ұйым өкілдері қатысты. Қатысушылар мұсылман әлемі экологиясының өзекті мәселелерін, Дүниежүзілік жылыну, ауа мен су қоймаларының ластануы мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, мұсылман елдерінің экологияны қорғау саласындағы саясатын жетілдіру бойынша практикалық қадамдар жасады.

Пікірталас қорытындысы бойынша стратегиялық құжаттар қабылданды. Сонымен қатар, форумда Ислам мемлекеттерінің қоршаған ортаны қорғауға қосқан ерекше үлесі үшін арнайы марапаттар табыс етілді. ИСЕСКО комиссиясы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қызметін жоғары бағалады және конкурстық іріктеуде Қазақстан елордасына «Мұсылман әлемінің ең жасыл қаласы» номинациясы бойынша сыйлық берді.

2017 жылы ИСЕСКО Сауд Арабиясы Корольдігімен бірлесіп, Қоршаған ортаны қорғау үшін қоғамның барлық сегменттерінің жауапкершілігін бекітуді, экологиялық тазалық пен таза энергия көздерін қолдануды насихаттау үшін қалалардың экологияны қорғауға қосқан үлесі үшін арнайы жүлде тағайындады. Жыл сайын бұл сыйлықпен Араб, Африка және Азия елдері арасында ислам әлемінің үш қаласы марапатталады.

Биылғы жылы Нұр-Сұлтан қаласы Азияда бірінші болып осы жоғары наградаға ие болды. ИСЕСКО басшылығы 2017 жылы «Болашақ энергиясы» тақырыбында ЭКСПО халықаралық көрмесін өткізген, сондай-ақ экологияны қорғау және таза энергетиканы әзірлеу саласындағы табысты жобалар іске асырылып жатқанын мәлімдеді. Әдетте, осы атақты алған қалада ислам ұйымы экологияны қорғау және тұрақты даму саласында халықаралық конференциялар, көрмелер мен басқа да іс-шаралар өткізеді.


Көзі: yunews.kz