Атырауда автобус жүргізушісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Атырауда автобус жүргізушісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

444

Smiley face

«ЗИЛ» маркалы жүк көлігімен соқтығысқан жолаушылар автобусының жүргізушісі кінәлі деп танылды. Атырау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, автобус жүргізушісіне қатысты ҚР ҚК 345-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы ережелерін бұзуы, адамның денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соғуы).

«Бұрын белгілі болғандай, бұл автобустың жүргізушісі бірнеше рет жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, жолаушылар автобусы мен жүк көлігі күндіз, 30 қыркүйек күні Атырауда соғылған. Апат салдарынан 11 жолаушы зардап шекті. Олардың барлығы әртүрлі жарақаттар мен орташа ауырлықтағы жарақат алды.


Көзі: Yunews.kz