Атырауда «JastarLife» жастар форумы өтті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Атырауда «JastarLife» жастар форумы өтті

444

Smiley face

Атырауда «JastarLife» жастар форумы өтті. Қала күніне арналған ауқымды шараға 1000-ға жуық адам қатысты, деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

«JastarLife» форумының жұмысына бес түрлі бағыт бойынша сөз алған белгілі республикалық спикерлер қатысты. Атап айтқанда, «Урбанистика» бағыты бойынша «Урбанистика» орталығының жетекшісі Асхат Садуов, «Волонтерлік» бағыты бойынша «Еріктілер лигасы» қоғамдық қорының төрайымы Айсұлу Ерниязова сөз сөйледі. «Өнер» бағыты бойынша актер және әнші Артур Төлепов сөз сөйлеп, «Қаржылық сауаттылық» бағытында жаттықтырушы Дәулет Мұқаев өз тәжірибесімен бөлісті. «Кәсіпкерлік» бағыты бойынша жеке кәсіпкер Арман Әлменбет шеберлік сыныбын ұсынды. Айтпақшы, бизнесменнің сөз сөйлеуіне 500-ге жуық қатысушы жиналды.

Екі күндік форум жұмысы аяқталғаннан кейін Атырау қаласының әкімі Әлмұхаммед Құттымұратұлы атынан спикерлер Алғыс хат алды. Өз кезегінде, белсенділік танытқан форум қатысушылары спикерлердің сыйлық сертификаттарымен марапатталды. Жастар форумы эстрадалық әнші Ернар Айдардың концертімен аяқталды.


Көзі: Yunews.kz