Павлодарда такси жүргізушісі қызды зорлады деп айыпталды: тергеуші қызметінен босатылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Павлодарда такси жүргізушісі қызды зорлады деп айыпталды: тергеуші қызметінен босатылды

444

Smiley face

Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Амантай Әубәкіровтің айтуынша, ол зорлау туралы қылмыстық істі тергеумен айналысқан тергеушіні жұмыстан шеттету туралы бұйрыққа қол қойған.

Павлодар облысы полиция департаментінің бастығының ақпараты бойынша, тәртіптік жауапкершілікке бірнеше басшы тартылды. Ал тергеушінің төрешілдік және тергеудің төмен сапасы үшін шеттетуге шешіңм қабылданған.

Естеріңізге сала кетейік, павлодарлық қызды автокөліктің артқы орындығында таксист зорлап тастаған. Содан кейін ол қыздың қымбат телефонын тартып алып, өзін түн ішінде жартылай жалаңаш күйде далаға тастап кеткен.

Күдікті ұсталғаннан кейін қызды зорламағанын, ал жолақысын төлемегені үшін телефон алып кеткенін мәлімдеді.

Бұл істі сөзбұйдағы салған полиция қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеру басталды.


Көзі: Yunews.kz