Талдықорған қаласында көп балалы отбасылар және Ауған соғысының ардагерлері қоныс тойын тойлады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Талдықорған қаласында көп балалы отбасылар және Ауған соғысының ардагерлері қоныс тойын тойлады

444

Smiley face

Қала күніне орай таңертеңнен бастап жаңа аула алаңдарының ашылуы өтті, «Береке» тұрғын алабында көпбалалы отбасылар мен Ауған соғысы ардагерлеріне 100пәтердің кілттерін тапсыру рәсімі өтті.

Облыс әкімі Амандық Баталов жетісулықтарға бейбітшілік, бірлік, өркендеу тіледі.

Оның айтуынша, өңірде әлеуметтік-экономикалық өмірді дамыту бойынша жемісті жұмыс жүргізілуде. Ағымдағы жылы тұрғын үй мәселесін шешу мақсатында республикалық бюджеттен 5,5 млрд теңге бөлінді. Оның 2,2 млрд теңгесі жаңа үйлер салуға арналған. «Береке» тұрғын алабында мектептер, балабақшалар, жолдар салынады.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов пен құрметті қонақ, ғарышкер, Қазақстанның Халық Қаһарманы, Қазақстанның ӘӘК генерал-майоры Айдын Айымбетов қуанышпен бөлісуге келді.

Мереке Қазақстан эстрада жұлдыздарының, атап айтқанда Арман Қоңыр және Аша Матай, Маржан Арапбаева, «Меломен», «Keshyou» топтары және басқарардың өнер көрсетуімен жалғасты.

Жарқыраған отшашу салтанаттың шарықтау шегі болды.

Smiley face


Көзі: Yunews.kz