Алматыға «Знамение» қасиетті бірегей иконасын әкелді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Алматыға «Знамение» қасиетті бірегей иконасын әкелді

444

Smiley face

 

Алматы қаласының Иверско-Серафимов монастырының Софиялық соборына «Знамение» қасиетті бірегей иконасы жеткізілді. Иконаның алдында мінәжат етуге екі жүзден астам діндарлар келді.

Бұл оқиға Қазақстанда  Вознесенский кафедралды соборының ашылуына орайластырылды. Собордың ашылуына Прибалтика, Белоруссия, Ресей, Польша, АҚШ және Таиландтың дін қызметкерлері қатысады.

«Знамение» қасиетті бірегей иконасы Шетелдегі православие басты қасиетті жәдігері болып саналады және Нью-Йорктегі Знаменка соборында орналасқан.

Қасиетті және керемет бейнеге бас ию үшін православиелік қазақстандықтар шіркеуге екі-үш сағат бойы қалың кезекте тұрды, адамдар ғибадатханаға кіріп, «Знамение» қасиетті бірегей иконасы алдында құлшылық жасауды үлкен шыдамдылықпен күтті.

Астана және Қазақстан митрополиті Александр бастаған қасиетті бейне келгеннен кейін ғибадатхана аумағында крест жүріп өтті.

Крест жүрісінің соңында шіркеу хорының әніне ғибадатхананың ішінде сенушілердің мыңдаған көзіндегі сенім, үміт пен махаббат оттарын бейнелейтін мыңдаған шырақтар жағылды.

Владыка Александр барлық келушілерді қайырымды іс-әрекеттерге және таза ойларға шақырды, барлық адамдарды басқаларға мейірімді болуға насихаттады. Өйткені, дұға бізге қиын да қорқынышты уақытта жайлы өмір сүруге көмектеседі.


Көзі: Yunews.kz