Кенияда автобуспен болған жол апатынан 13 адам қаза тауып, 35 адам зардап шекті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Кенияда автобуспен болған жол апатынан 13 адам қаза тауып, 35 адам зардап шекті

444

Smiley face

 

Кенияның батысындағы автобус пен жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан 13 адам қаза тауып, 35 адам зардап шекті, деп хабарлайды РИА Новости полицияға сілтеме жасап.

Оқиға Аваси елді мекенінің жанында түн ортасында болған. Жүк көлігі Виктория көліндегі Кисуманың ірі порттық қаласына бағыт алған.

Полиция мәліметтеріне сәйкес, апаттың себебі автобус жүргізушісі көлік құралын бақылаудан айырылып, қарсы бағытқа шығып кетуі салдарынан басқа көлікпен соқтығысқан. Сол кезде автобуста 51 жолаушы болған.

«11 жолаушы мен 2 жүргізуші оқиға орнында қаза тапты», - деп жазды жергілікті газет.

Сондай-ақ, құқық қорғау органдары көптеген жарақаттары бар 35 адам ауруханаларға жеткізілгенін атап өтті.


Көзі: Yunews.kz