Елордада жұмыссыздар қысқа мерзімді кәсіптік оқудан тегін өтуі мүмкін - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Елордада жұмыссыздар қысқа мерзімді кәсіптік оқудан тегін өтуі мүмкін

444

Smiley face

Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді тегін кәсіби оқытуды елордалық Жұмыспен қамту орталығы ұйымдастырады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Курстар өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде өткізіледі. 2019 жылы қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен мыңға жуық адамды қамту жоспарлануда.

Бүгінгі күні бағдарламаға 711 қатысушы 11 оқу орнына 18 мамандық бойынша оқуға жіберілді. 247 адам курстарды аяқтады, оның 109-ы жұмысқа орналастырылды. Сондай-ақ, комиссия жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 289 грант беруді мақұлдады.

Оқу кезеңінде қатысушыларға ай сайын 16 759 теңге көлемінде стипендия төленеді. Жоспарды түзетуге сәйкес, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 450 адамды қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша қосымша жоспарлы көрсеткіш белгіледі, қазіргі уақытта топтарды қалыптастыру үшін алдын ала жазылу жүргізілуде.

Оқыту бухгалтер, слесарь-сантехник, аспазшы, наубайшы, кондитер, веб-дизайн, әкімші, тігінші, мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешісі, массажист, шаштараз, киберқауіпсіздік саласындағы маман, анимация және видеографика, электр дәнекерлеуші, қосымша білім беру педагогы, автоэлектрик, автомобиль жөндеу слесары, жылжымайтын мүлікпен және басқа да меншікпен жасалатын операциялар жөніндегі агент (риелтор), дезинфектор, мемлекеттік сатып алу жөніндегі маман, сату жөніндегі менеджер, видеоинженер оператор, музыкатотерапевт, ине терапиясы, сарапшы-бағалаушы, сурдоаудармашы, визажшы сияқты бүгінгі еңбек нарығында үлкен сұранысқа ие мамандықтар бойынша жүзеге асырылады.


Көзі: Yunews.kz