Әскери қызметшілер Атырау облысындағы мұнай базаларында диверсанттарды залалсыздандыру бойынша оқу-жаттығу өткізді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Әскери қызметшілер Атырау облысындағы мұнай базаларында диверсанттарды залалсыздандыру бойынша оқу-жаттығу өткізді

444

Smiley face

Атырау облысындағы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының «Қарабатан» полигонында аумақтық қорғаныс және арнайы әскерлер батальондарымен оқу-жаттығудың белсенді кезеңі өтті. Оқу-жаттығуға әскери басшылық пен Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қатысты.

Тактикалық арнайы оқу-жаттығудың аңызы бойынша зиянкестер үш автомобильде мұнай өңдеу зауытына шабуыл жасаған. Олар шекараны кесіп өтіп, диверсиялық әрекеттерді жасау үшін ұсақ топтар «Қарабатан» елді мекеніне алға шықты.

Бригаданың аумақтық қорғаныс және арнайы әскерлер батальондары болжамды шабуыл жасау орнын, оның ішінде маңызды мемлекеттік объектілерді күзетуге алды. Болжанған тәртіп бұзушылар блокпостқа шабуыл жасап, оларға қарсы аумақтық қорғаныс батальондары шайқасқа түсті.

«Шартты содырлар тобы жойылды. Оқу-жаттығудың белсенді кезеңі аяқталды. Диверсанттарды залалсыздандыру операциясының жетекшісі баяндағандай, жеке құрам алға қойған міндетті орындап шықты. Негізгі мақсат – жиындарда әскери-есептік мамандықтар бойынша бес күн ішінде даярлаудан және қайта даярлаудан өткен резервшілерді оқыту. Тәжірибе көрсеткендей, кез келген әскери қауіп- қатерден сенімді қорғаныс дағдарыстық жағдайлар туындаған жағдайда қысқа мерзімде әскерді өрістетуге мүмкіндік беретін әскери құрамалар арасындағы өзара іс-қимылдың жолға қойылған жүйесі болған кезде ғана мүмкін болады», деп атап өтті «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасында.


Көзі: Yunews.kz