Су көп болмайды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Су көп болмайды

444

Smiley face

Облыстық мәслихаттың құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысында ауылдық жерлердегі су құбырын салуға айтарлықтай қаржы бөлу туралы айтылды.

Атап айтқанда, Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының м.а. Қаржаубай Ыбырайымұлының айтуынша, бүгінгі таңда аймақта барлығы 347 елді мекен бар. Оның ішінде 192 қалалық және ауылдық елді мекендер (55,3%) орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. Алайда, қалған 155 елді мекеннің тұрғындары (44,7%) әлі күнге дейін орталықтандырылмаған сумен жабдықтауда.

Осыған байланысты облыстың сумен жабдықтау жүйесін дамытуға 2018 жылы 6,6 млрд.теңге бөлінді. Оның ішінде «НұрлыЖол» бағдарламасы бойынша 2 жобаны іске асыруға – 521,8 млн. теңге, «Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту» бағдарламасы бойынша 25 жобаны іске асыруға 6,1 млрд.теңге бөлінді.

Сонымен қатар, 2019 жылы облыстың сумен жабдықтау жүйелерін дамытуға 2,4 млрд.теңге, 7 ауыспалы және 7 жаңа жобаны жалғастыру үшін көзделген.

Жоғарыда көрсетілген барлық жобаларды іске асыру нәтижесінде орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізу көрсеткіші 94,6% - дан 95,1% - ға дейін артады.

Сонымен қатар, 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджетті бекітуге кемінде 20 су жобасын іске асыруға 6,6 млрд.теңге сомасында өтінім берілді. Олар іске асырылған жағдайда 20-дан астам ауыл тұрғындары үйлердегі ауыз суға қол жеткізеді.


Көзі: Yunews.kz