Қала сыртына шыққан... - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қала сыртына шыққан...

444

Smiley face

 

Апат сенбі күні таңертең Ақтөбе қаласынан 13 шақырым жерде «Северный объезд» айналма жолында орын алды. Бұл жерде екі көлік - мектеп оқушыларын тасымалдайтын автобус пен өзге көлік соқтығысып қалды.

Ақтөбе облысы ІІД хабарлағандай, Ақтөбе қаласының №9 мектеп-гимназиясының 18 оқушысы және 9 ата-анасы бар автобус жүргізушісі облыс орталығы жағынан қозғала отырып, екінші дәрежелі жолдан шығу кезінде жол жүру ережесін бұзып, «Ниссан» автокөлігімен соқтығысқан. Оның рөлінде Тәжікстан азаматы болған. Нәтижесінде автобус бүйіріне аударылып кетті.

«Жедел жәрдем» автокөлігімен ЖКО орнынан медициналық мекемеге 16 бала жеткізілді, оның екеуі ауруханаға жатқызылды. Сондай-ақ жедел жәрдем ауруханасына 3 ересек жеткізілді.

Оқиға орнында полицейлер, ТЖ қызметкерлері мен медицина қызметкерлері көмек көрсетуде.

Smiley face


Көзі: Yunews.kz