225 әскери мектеп тәрбиеленушілері «Жас Ұлан» антын қабылдады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

225 әскери мектеп тәрбиеленушілері «Жас Ұлан» антын қабылдады

444

Smiley face

Биылғы жылы осы әскери мектепке түскен 225 ұлан қалыптасқан дәстүр бойынша әскери мектептің барлық даңқты дәстүрлерін сақтай отырып, ұлан атағын абыроймен атқаруға салтанатты ант берді.

Салтанатты рәсімге «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Дулат Адырбеков, Қазақстан Қарулы Күштерінің ардагерлері, жауынгер-интернационалистер, тәрбиеленушілердің ата-аналары қатысты.

Қазіргі уақытта мектепте 413 тәрбиеленуші білім алуда, олардың ішінде көп балалы және толық емес отбасынан шыққан балалар, балалар үйінің тәрбиеленушілері бар. Мектепте оқытуды, тәрбиелеуді, дене бітімін жетілдіруді сапалы ұйымдастыру үшін барлық қажеттіліктермен жабдықталған қазіргі заманғы оқу-материалдық базасы бар.

Іс-шара соңында мектеп тәрбиеленушілері концерттік бағдарлама мен жауынгерлік самбо элементтерін көрсетті, деп хабарлады Қарағанды облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі.


Көзі: Yunews.kz