«GGG, алға!»- Қарағандылық жас спортшылар Головкинді қолдауға флешмоб өткізді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

«GGG, алға!»- Қарағандылық жас спортшылар Головкинді қолдауға флешмоб өткізді

444

Smiley face

6 қазанда атақты Нью-Йорк аренасында бүкіл әлемге әйгілі қарағандылық Геннадий Головкин украиндық Сергей Деревянченкомен жекпе-жек өткізді. Жекпе-жектің артында IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағы тұр.

Осы маңызды жекпе-жектің қарсаңында Қарағанды қаласына ісапармен келген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев GGG қолдау мақсатында флешмоб өткізген жас спортшыларға барды.

Вице-Премьер спорт кешенінің тәрбиеленушілеріне қолдау көрсетіп, біздің жерлесіміз кезекті рет Қазақстанды даңққа бөлеуін тіледі, оған жеңіс тіледі, ал ата - аналарға балалардың дене және рухани-адамгершілік тәрбиесіне көбірек көңіл бөлуін тіледі.

- Геннадий тағы да әлемнің үздік боксшыларының бірі екенін дәлелдеуі тиіс. Сіздердің балаларыңыз спортпен айналысатыны қуантады. Егер олар спортқа, өнерге тартылса, әртүрлі үйірмелер мен секцияларға қатысса, онда дені сау, тәрбиелі, білімді болады, ең бастысы - құқық бұзушылық жасамайды. Бізде көптеген спорттық және мәдени нысандар бар. Оларды барынша пайдалану керек, жастарды салауатты өмір салтына жаппай тарту керек. Ал ата-аналар бұған ықпал етуі керек», - деді Сапарбаев жас қарағандылықтардың ата-аналарымен кездесу барысында.

Вице-Премьер ауыр атлетика, күрес, баскетбол залдарын және жүзу бассейнін аралап көрді. Бұл жерде 1 500 бала, оның ішінде көп балалы отбасынан және балалар үйінің тәрбиеленушілері өз шеберліктерін жетілдіруде. Барлық жаттығулар тегін. Нысан бюджет қаражатына ұсталады.

Қарағанды боксының келешегі туралы 2004 жылғы Олимпиада ойындарының жүлдегері Серік Елеуов баяндады. Бұл спорт түрінде бүгінде облыста 30-дан астам секция жұмыс істейді, онда 3 000-ға жуық адам айналысады.

Ауыр атлет Артем Антропов үлкен үміт береді, ол екі дүркін әлем чемпионы, жасөспірімдер арасында Азия чемпионы атанды. Қазір ол Пхеньянда өтетін Азия чемпионатына дайындалуда.

Жас боксшылармен кездесу барысында Бердібек Сапарбаев қарағандылықтарға спорттық салада табыс тіледі.


Көзі: Yunews.kz