Автомобильден сақтан! - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Автомобильден сақтан!

444

Smiley face

Жақында Өскемен қаласының полициясына жергілікті бір келіншектен арыз түсті. Ол өзінің гаражынан «Дэу Матиз» маркалы автокөлігінің жоғалғанын хабарлады.

«Бейнебақылау камераларының көмегімен аталған машинаны жедел басқару орталығының қызметкерлері көп ұзамай тапты. Ақпарат жақын маңдағы автомобильдік патрульдік нарядқа берілді, олар айдап кетушіні ұстап алды», - деп хабарлады ШҚО ІІД баспасөз қызметі. 

Белгілі болғандай, көлік жүргізушісі ішімдік ішкен және арыз беруші келіншектің  бұрынғы күйеуі болған. Сот шешімімен ұсталған азамат 2020 жылдың мамыр айына дейін көлік жүргізу құқығынан айырылды.

51 жастағы ер адамға қатысты Қылмыстық Кодекстің екі бабы: айдап кету фактісі бойынша және мас күйінде көлік құралын жүргізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Көзі: Yunews.kz