Қазақстанда жыл басынан бері әртүрлі дәрежедегі 300-ден астам полицей тергелуде - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстанда жыл басынан бері әртүрлі дәрежедегі 300-ден астам полицей тергелуде

444

 Smiley face

Бірлескен іс - әрекеттер барысында ағымдағы жылдың 8 айында қызметкерлерге қатысты 307 сотқа дейінгі тергеу басталды, оның ішінде 170-і сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша. Қылмыстық жауапкершілікке әртүрлі буындағы 74 басшы тартылды, оның 52 - сі сыбайлас жемқорлық үшін. Қызметкерлер алаяқтық, парақорлық, өкілеттікті асыра пайдалану, дәлелдемелерді бұрмалау және басқа да қылмыстар үшін жауапқа тартылады», - деп хабарлады Қазақстан ІІМ баспасөз қызметі.  

Атап айтқанда, 3 қазанда Ұлттық қауіпсіздік органдары мен ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті жүргізген бірлескен операция нәтижесінде Ақмола облысы полиция департаментінің басшы лауазымды тұлғалары ұзақ уақыт бойы құқыққа қарсы қызметпен айналысқаны анықталды. Полиция департаменті бастығының орынбасары ұсталған, басқа адамдарға қатысты өзге де бұлтартпау шаралары таңдалған. 

ІІМ - де жоғары лауазымды полицейлерді ұстау Ұлттық қауіпсіздік органдарымен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесіп жүргізілген алғашқы операция емес, деп атап өтті. Бұл ІІМ-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сондай-ақ өз қатарында заңдылықтың басқа да бұзушылықтары және осы жұмыстың транспаренттілігін қамтамасыз ету жөніндегі дәйекті саясатының нәтижесі.  

Бұл жұмыста алдын алу сипатындағы тиісті шараларды қабылдамайтын басшылардың дербес жауапкершілігі өте маңызды болып табылады. Мысалы, Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін оның орынбасарының ұсталуына байланысты қызметінен босатылды. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін Атырау және Жамбыл облыстарының полиция департаменттері бастықтарының орынбасарлары қызметтерінен босатылды», - деп хабарлады ІІМ-де.

Сонымен қатар, баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта бірқатар өңірлерде сыбайлас жемқорлық схемалары, оның ішінде кадр мәселелерімен байланысты, мемлекеттік сатып алу саласында және тағы басқа мәселелер бойынша тексерулер жүзеге асырылуда.


Көзі: Yunews.kz