Қазақстанда тыйым салынған қытайлық дәрі-дәрмектерді «Қорғас» арқылы алып кіруге тырысқан - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстанда тыйым салынған қытайлық дәрі-дәрмектерді «Қорғас» арқылы алып кіруге тырысқан

444

Smiley face

«Қорғас» кеден бекетінде декларацияланбаған тауарлардың кезекті ірі партиясы ұсталды, деп хабарлайды Халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығының баспасөз қызметі. Осылайша 5 қазанда Қытайдан Қазақстанға  «шыны» деген жазуы бар люстраның астында жасырынған қораптар ұсталды. Қаптамада Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге тыйым салынған Қытай дәрілік препараттарының 60 килограммы болған.

Сол күні Өзбекстан азаматтарынан Baofeng маркалы рацияның 52 данасы анықталды. Оларды әкелуге Қазақстанның арнайы органдарынан рұқсат талап етіледі. Сондай-ақ, Cavallo және Milano маркалы темекі өнімдері ұсталды. Жалпы салмағы 430 килограмм 21 мыңнан астам қорап (400 мың дана темекі) тәркіленді.

Баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, қазір істің барлық жағдайы анықталуда, ұсталған тауарлардың кедендік құны анықталуда. Осыдан кейін барлық қатысы бар тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады


Көзі: Yunews.kz