Бойдақтар отбасы бар қазақстандықтарға қарағанда екі есе көп ет жейді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Бойдақтар отбасы бар қазақстандықтарға қарағанда екі есе көп ет жейді

444

Smiley face

Соңғы тоқсанда барлық үй шаруашылықтарының ет пен ет өнімдерін тұтынуы 1,8%-ға төмендеп, 2019 жылдың екінші тоқсанында орташа жан басына шаққанда 19,1 кг құрады, деп хабарлады Energyprom.kz мониторинг агенттігі.

Smiley face

ҚР өңірлері арасында ет пен ет өнімдерін тұтынудың анағұрлым көп көлемі халықтың жан басына шаққанда екінші тоқсанда Қарағанды облысында байқалды: 22,8 кг. Екінші орында Алматы: 22,5 кг, үшінші орында — Атырау облысы: 22,4 кг.

Smiley face

Бір адамнан тұратын үй шаруашылығында орташа жан басына шаққанда ет және ет өнімдерін тұтыну 35,9 кг құрады, бұл ретте үй шаруашылығында адамдар көп болған сайын, ет және ет өнімдерін тұтыну азаяды. Мәселен, екі адамнан тұратын үй шаруашылықтары 2019 жылдың екінші тоқсанында әрқайсысына 27 кг ет және ет өнімдерін; үш адамнан — 21,6 кг, төрт адамнан — 17,5 кг; бес және одан да көп адамнан — әр адамға орташа жан басына шаққанда 14,6 кг ғана тұтынды.

 

Smiley face

Ет өнімдерінің арасында  сиыр еті сұранысқа ие, екінші орынды тартылған ет алады, ал ет және ет өнімдерінің ТОП-3 қой еті аяқтайды.

Smiley face

Бір жыл ішінде ет пен ет өнімдерінің барлық түрлеріне бағалар өсті. Тауық саны 19,3%-ға, 2019 жылғы қыркүйек айының соңында кг-ға 822,6 теңгеге дейін қымбаттады. Тауық еті 18,6%-ға, кг-ға 897,9 теңгеге, қой еті — 6,8%-ға, кг-ға 1676 теңгеге қымбаттады. Қазақстандықтарда сұранысы мол сиыр еті — килограмына 1748 теңгеге дейін 15,1%-ға қымбаттады.

Smiley face

 


Көзі: yunews.kz