Қазақстанда жыл сайын 2,5 мың бала өлімі жағдайы тіркеледі - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстанда жыл сайын 2,5 мың бала өлімі жағдайы тіркеледі

444

Smiley face

Қазақстанда жылына орташа есеппен 2,5 мың бала өлім-жітімінің жағдайы тіркеледі, қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 2,2 мыңға жетті. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Үкімет отырысында мәлімдеді.

Нәресте өлімінің ең жоғары деңгейі Түркістан, Қызылорда, Алматы облыстарында тіркеледі, ол жерлерде көрсеткіш Атырау облысына қарағанда екі есе жоғары.

Сондай-ақ Біртанов Атыраудағы сәбидің өліміне қатысты тергеу жұмыстарын егжей-тегжейлі хабарлады.

"Біріншіден, барлығы жазалау шараларына қатысты белгіленген талаптарға сәйкес болады. Қазіргі таңда Атырауда Денсаулық сақтау вице-министрі, Тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау және сапа жөніндегі комитет төрағасы бастаған комиссия бар, сондай-ақ біз оған медициналық университеттердің ғылыми орталықтарының жетекші мамандарын жібереміз, яғни біз оқиғаны жан-жақты қараймыз. Жалпы, мен бала өлімін бақылау мәселелері күнделікті бақылауда екенін айтқым келеді. Күн сайын таңертең маған қанша бала туды және нәресте өлімінің деңгейі жазылған мәліметтер беріледі. Біз қалыпты емес өсуді, цифрлардың ауытқуын көрген бетте, бірден осы жағдайларды жедел зерттеуді жүргіземіз", - деп мәлімдеді министр.


Көзі: yunews.kz