Алматыда үш жол апаты: сегіз адам зардап шекті, біреуі көз жұмды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Алматыда үш жол апаты: сегіз адам зардап шекті, біреуі көз жұмды

444

Smiley face

Алматы қалалық полиция департаментінің тергеу басқармасында өткен түннің басында Желтоқсан және Әйтеке би көшелерінің қиылысында орын алған жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Алматы қ. ПД.

"Бұл факт ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. "БМВ" маркалы автокөлігінің жүргізушісі 1991 жылы туған Алматы облысының тұрғыны ҚР ҚПК 128-бабының тәртібінде ПД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды.  Қылмыстық іс материалдары бойынша, ол Әйтеке би көшесінің бойымен батыс бағытта келе жатып, Желтоқсан көшесінің қиылысына шығып, "Жол бер" жол белгісінің әрекетін елемей, нәтижесінде "Фольксваген Туарег" автокөлігімен, содан кейін "Рено Логан" автокөлігімен соқтығысқан, - деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі, полиция подполковнигі Салтанат Әзірбек.

Аталған жол-көлік оқиғасының нәтижесінде барлығы 8 адам зардап шекті: "БМВ" автокөлігінен - жүргізуші және оның екі жолаушысы, оның біреуі кейін ауруханада қайтыс болды, "Фольксваген Туарег" автокөлігінен - үш жолаушы, "Рено Логан" автокөлігінен - екі жолаушы. Дене жарақатымен олар ауруханаға жеткізілді.

"Жақын арада, қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес, апатқа кінәлі тұлға сотқа  дейінгі тергеу кезеңінде бұлтартпау шарасын таңдау үшін ұсынылады. Тергеу қамауда ұстау туралы өтініш жасайды. Қылмыстық іс аясында тиісті сараптамалық зерттеулер тағайындалады", - деді подполковник Әзірбек.

 


Көзі: yunews.kz