Алматыда алғашқы қалалық хакатонның қорытындысы шығарылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Алматыда алғашқы қалалық хакатонның қорытындысы шығарылды

444

Smiley face

Алматыда алғашқы қалалық хакатонның қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Марафонға қатысушылар ақылды жобаларды әзірлеуде жарысты. 30 жұмыстың ішінде үш команданың жобалары үздік деп танылды.

Идеяны прототипке айналдыру үшін қатысушыларға 24 сағат берілді. Қойылған міндет – жобаға бұрын қатысқандардың ұсыныстарын жалғастырмай әрі қайталамай жаңа идеясы бар прототипті бірден жасау және іске асыру. Хакатонды ашқан Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев мегаполистің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін барлық салаларға жаңа әрі тиімді шешімдер қажет екенін айтты.

Almaty SmartCity Challenge хакатонының жүлделік қоры 3 млн теңгені жарыс жеңімпаздары атанған үш команда өзара бөлісті: HCK50 («Salem Tourist» жобасы - 1,5 млн теңге), GGG («Smart bin» - 1 млн теңге) және Mbionics («Ақылды тұрақ» - 500 мың теңге). Шараға қолдау көрсеткен демеушілердің «Касперскийдің Зертханасы» АҚ, «Қазтелепорт» АҚ арнайы сыйлықтарымен жаңа әрі креативті идеялары үшін 9 команда марапатталды. Хакатонға қатысушылардың барлығы атаулы сертификаттар алды.

Туристерге арналған «Salem Tourist» мобильді қосымшасы арқылы қаламыздың өте қызық жерлері және көрнекі орындары, оларға қалай баруға болатындығы, рейтингі және қалалықтардың пікірі туралы ақпараттарды алуға болады.

Хакатонға қатысушылардың барлығы қаланы дамытуға арналған 30-дан астам жоба әзірлеген болатын. Қатысушылар тұрмыстық қоқыстарды өңдейтін ферма, қаланың жасыл желегін суаратын «ақылды» автосушашқыш, мониторинг жүйесі және бос көлік тұрағын іздеу, қала қауіпсіздігін талдау, жүктемені азайту және басқа да жобаларды құрамына «Касперскийдің Зертханасы» АҚ, «Қазтелепорт» АҚ, «АТП» АКҚ(Tech Garden), «Ақпараттық технологияның Халықаралық университеті» АҚ және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Сараптама және мәліметтерді өңдеу орталығының өкілдері енген сараптама жюриінің қарауына ұсынды.

Smiley face


Көзі: yunews.kz