Жасөспірімдер жарақат салдарынан тауда қалып қойды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Жасөспірімдер жарақат салдарынан тауда қалып қойды

444

Smiley face

Риддер қаласынан екі жасөспірім тауға аттанды, бірақ өз бетінше кері қайта алмады – жастардың бірі аяғын қатты жарақаттап алды. Бұл туралы Риддер қаласы ТЖБ баспасөз қызметі хабарлады.

 

Құтқарушылар дереу жастарға көмекке шықты.

 

"Зардап шеккендерді іздеу қиын болды, себебі бұл жерде жолдар мен соқпақтар жоқ, сондай-ақ тәуліктің қараңғы уақытында ештеңе көрінбеді.  Бірақ, барлық қиындықтарға қарамастан, сағат 20.06-да жасөспірімдер Ивановка жотасында қанағаттанарлық жағдайда табылды. Жарақаттанған жас жігіт оған алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсетуден бас тартты. 6 сағат бойы, зембілде, біз оны төмен қарай тасымалдадық. Одан кейін қалалық ауруханаға жеткізілді", - деді Риддер қаласы ТЖБ аға офицері Сергей Бородин.


Көзі: yunews.kz