Денсаулық сақтау Вице-министрі Атыраудағы барлық перзентханаларды тексерді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Денсаулық сақтау Вице-министрі Атыраудағы барлық перзентханаларды тексерді

444

Smiley face

Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймұрзиева айтып өткендей, қазіргі таңда облыстық перинаталдық орталықтың дәрігерлеріне көмекке еліміздің басқа аймақтарынан дәрігерлер келуде.

2019 жылдың  басынан бастап Атырауда қалалық перзентхананы екіншіден үшінші деңгейге ауыстыру жұмыстары жүргізілді, босандыру ұйымдарын күшейту жүргізілді, мұнда ОПО-дан анестезиолог-реаниматолог ауыстырылды, екі неонатолог, тәжірибесі бар мамандар келді. Бұл ауруханаға Ақтөбе облысынан екі маман-неонатолог келеді.

"Қалалық перзентхана орталығын жабдықтау - 100 пайыз. Бүгінде қалалық перзентхана күрделі аурулармен ауыратын жүкті әйелдерді емдеуге жатқызуға дайын", - деді Мәншүк Аймұрзиева.

Облыстық перинаталдық орталық күшейтіледі, шығып кеткен дәрігерлерді Атырау қаласының басқада мамандары мен еліміздің басқа өңірлерінен мамандар алмастырады.

Биыл 26 қыркүйектен бастап облыста нәресте өлімін азайту бойынша іс-шаралар жоспарын орындау бойынша мониторингтік топ жұмыс істейді. "Қазіргі уақытта дәрігер-реаниматологтар, неонатологтар, акушер-гинекологтар келді. Оның ішінде Ұлттық педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының директоры Риза Боранбаева да бар. Сонымен қатар, республикалық орталықтардан келген, олар Нұр-Сұлтан қаласының Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығынан акушер-гинеколог және анестезиолог-реаниматолог", - деп атап өтті Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева облыстық және қалалық перинаталдық орталықтардың жұмысымен танысып, дәрігерлермен әңгімелесіп, бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Еске салайық, өткен аптада Атырау облыстық перинаталдық орталықта жаңа туған сәбидің өлімінің мән-жайы белгілі болған еді. Қайғылы оқиға фактісі аталған орталықтың басшысына қатысты қылмыстық істі тергеу асында ашылды.


Көзі: yunews.kz