Шығыс Қазақстанда үш күн қатарынан тонна шөп өртенді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Шығыс Қазақстанда үш күн қатарынан тонна шөп өртенді

444

Smiley face

Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында, Бірлік ауылдық округінде "Ақ бұзау" учаскесінде отпен абайсыз болу салдарынан алаңы 20 га 54 тонна шөп өртенді, деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Өртті ТЖД қызметкерлері, сондай-ақ ауылдық округтің ерікті өрт сөндіру құрылымдары сөндірді. Жақын жатқан елді мекендерге қауіп болған жоқ. От толығымен кешке қарай сөндірілді. Ешкім зардап шеккен жоқ.

Осы күні Күршім ауданының "5-ші бригада" учаскесінде 20 га алқаптағы құрғақ шөп пен 3 тонна көлемінде дайындалған шөп өртенді.

ШҚО ТЖД қызметкерлері өртті екі жарым сағаттан кейін сөндірді.

Ал келесі күні Көкпекті ауданының Қараткөл ауылында жеке тұрғын үй аумағында шөп өртенді. Бұл жолы шабылған 258 тонна шөп жанды. Өрт сөндірушілер жергілікті атқарушы органның қызметкерлерімен бірге 5 сағат бойы өрт сөндірді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

 Барлық жанудың алдын ала себебі - тұрғындардың отпен абайсыз болуы.

Smiley face

Smiley face


Көзі: yunews.kz