СҚО-да полицейлер көлікті айдап кеткенін білгенге дейін көлікті иелеріне қайтарып берді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

СҚО-да полицейлер көлікті айдап кеткенін білгенге дейін көлікті иелеріне қайтарып берді

444

Smiley face

Түнгі сағат үш шамасында Гуськовтардың отбасының үйіне белгісіз біреулер күтпеген қоңырау шалды. Есік алдынан полицейлерді көрген үй иелері абыржып қалыпты. Сөйтсе олардың есік алдында тұрған шетелдік автокөлігін қаскүнем біреу айдап әкетіпті. Полицейлер түн ортасында қаскөйді қолға түсіріп, автокөлікті заңды иелеріне алып келген көрінеді.

«Кешкі сағат 9-да біз саяжайдан келіп, аулаға көлік қойдық. Ал түнде бізді қоңырау оятты. Бақытымызға орай, полицейлер бізге көлікті қайтарып берді. Біз полиция қызметкерлеріне өте ризамыз. Егер олар автокөлікті уақытында тоқтатпаса және бұзақыны ұстап алмаса, түнгі сапар қалай аяқталары белгісіз еді», деді Александр Гуськов.

СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, көлік иелері айдап кетуден бірнеше күн бұрын көліктің кілтін жоғалтып алған. Оны көршісі тауып алыпты. Ол түнде жорық жасауға шешім қабылдады. Алайда, айдап кетушіні ұстап алған патрульдік полиция қызметкерлерінің қырағылығы қаланың алаяқ тұрғынына өз жоспарын аяғына дейін жүзеге асыруға кедергі келтірген.


Көзі: Yunews.kz