Өскемен қаласының тұрғыны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ұсталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Өскемен қаласының тұрғыны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ұсталды

444

Smiley face

Полиция хабарлағандай, 28 жасар құқық бұзушы «Сергек» камерасы мен жылдамдық өлшегіш бейнебақылау камерасын скотчпен жабыстырып, қала ішінде  іш киіммен жүріп, айналасындағыларға құрмет көрсетпей, қоғамдық тәртіпті бұзған.

«Аталған әрекеттер үшін полиция қызметкерлері облыс орталығының жұмыссыз тұрғынына қатысты «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша әкімшілік іс қозғады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 4 хаттама жасалып, оған қатысты 20 тәулік қамауға алу туралы әкімшілік жаза тағайындалды»,-деп хабарлады ШҚО ІІД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, 6 қазанда полицияға ұсталған азамат бейнебақылау камерасын да бөлшектеп, одан кейін құрылғыларды өзенге тастағаны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған факті бойынша «Бөтен мүлікті қасақана жою» бабы бойынша қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


Көзі: Yunews.kz