Колонияда қамауда болған тұтқын 200 қазақстандықты 80 млн теңгеге алдап соққан - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Колонияда қамауда болған тұтқын 200 қазақстандықты 80 млн теңгеге алдап соққан

444

Smiley face

 

Нұр-Сұлтан қаласының Алматы ауданының № 2 сотында сотталушыға үкім шығарды. Ол колонияда болған кезде 200-ден астам қазақстандықты жалпы сомасы 80 млн теңгеге алдап кеткен, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық сотының сайты.

Алаяқ қылмыскерге Нұр-Сұлтандағы колонияның тағы бір тұтқыны, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған «Жилсоцкредит» несиелік серіктестігін құрған оның жұбайы көмектескен.

«Компанияның заңды қызметін имитациялау үшін тиімді шарттармен несие беру бойынша тартымды бағдарламалар әзірленген», делінген сот хабарламасында.

Қаскүнемдер қазақстандықтарды алдау арқылы елдің түрлі аймақтарынан жалған әлеуметтік бағдарламаларға тарту үшін өзара рөлдерді бөліп алған. Олармен алғашқы жарна туралы келісім-шарт жасалған, ол үшін әр адам 124 560 теңге салып, екінші деңгейлі банктер арқылы «депозитті» толықтыруы керек болады.

«Инвестициялық бағдарламаның жұмысына көз жеткізу үшін салымшылардың кейбіріне басқа салымшылар салған ақшалай қаражаттан бонустар аударған», деп түсіндірді сотта.

Барлығы 80 миллион теңгеден астам сомаға 200-ден астам Қазақстан азаматы зардап шекті.

Алматы ауданының №2 аудандық сотының үкімімен пирамида басшысы 13 жылға бас бостандығынан айырылды, ал қалған қылмыстық істің қатысушылары 6-7 жылға дейін қамауға алынды.


Көзі: Yunews.kz