Орал маңында ірі өрт өршіп тұр - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Орал маңында ірі өрт өршіп тұр

444

Smiley face

 

Орман өрті жексенбі күні кешкісін басталды, алдымен үлкен өрт ошағына жол бермеді. Алайда, түнде желдің бағытына байланысты өрт үлкен жылдамдықпен және түрлі бағытта тарала бастады.

Күн бойы Орал аспанында от-жалын түтіні көрінді. Өрт сөндірушілердің хабарлауынша, шамамен жарты күнде алапат өрт Теректі ауданынан көрші Бәйтерек ауданына ауысқан.

Шолпан ауылының тұрғындары, 30-ға жуық адам эвакуацияланды. Олар уақытша Рубежин ауылындағы училище жатақханасына орналасты. Сонымен қатар «Жайық» саяжай қоғамынан 11 адам қауіпсіз жерге шығарылды.

Осы сәтте 10 тұрғын емес саяжай үйі жанып кетті. Өрттен зардап шеккен құрылыстардың саны туралы ақпарат нақтылануда.


Көзі: Yunews.kz