Үш мың жамбылдық әлеуметтік желілерде полицияға жүгінген - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Үш мың жамбылдық әлеуметтік желілерде полицияға жүгінген

444

Smiley face

Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жыл басынан бері департаменттің әлеуметтік желілердегі ресми беттеріне үш мыңнан астам өтініш келіп түскен. Бұл ретте өтініштердің 70 пайызы өз шешімін тапты.

«Еситін мемлекет» тұжырымдамасы аясында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев халықпен тиімді кері байланысты ұйымдастыруды тапсырды. Оның нұсқауы бойынша ашылған фронт-кеңселерден басқа, әлеуметтік желілерді белсенді түрде іске қосудамыз. Егер азаматтардың өтінішінде тәртіп бұзушы ретінде біздің қызметкерлеріміз болса, жедел әрекет жасап, кінәлілерді жазалаймыз», - дейді Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев.

Қазіргі уақытта полиция департаментінің Instagram желісіндегі парақшалары жұмыс істейді. Facebook-те ведомство басшысы жеке бетті жүргізеді, оның блогы мен департамент сайты да жұмыс істейді. Жамбыл облыстық полиция департаментінде полицейлердің жоспарында ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев белгілеген ашықтық пен жариялылық саясаты аясында интернет-кеңістікке қатысуды кеңейту, қарапайым азаматтардың сұраныстарына жедел ден қою ниеті бар екенін атап өтті.


Көзі: Yunews.kz